Ссылки доступа

Тәжікстанда балаларға пневмококқа қарсы вакцина егу науқаны басталды


Тәжікстанда қараша айында бір жасқа дейінгі балаларға пневмококк жұқпалы ауруына қарсы вакцина егу науқаны басталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина балалар арасында менингит, сепсис және пневмония ауруларын жұқтыру көрсеткішін төмендетеді.

Пневмококк жұқпалы ауруына қарсы вакцина егу ұлттық иммунизация күнтізбесіне енді.

Енді балалар пневмококк жұқпалы ауруына қарсы вакцинаны балалар екі, төрт және 12 айлық кезінде алады. 1 қарашада екі айлық балаларға вакцина салынады. Әрбір бала вакцинаның мұндай түрінің үш дозасын қабылдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG