Ссылки доступа

Азаттықтың Қырғыз қызметі банктен есеп-шотты бұғаттау себебін түсіндіруді талап етті


Қырғызстанда "Азаттық Медиа" мекемесі "ДемирБанктен" есеп-шоттардың бұғатталу себебін ресми түрде түсіндіруді талап етті.

"Банк және банк қызметі туралы" заңда қаржыны пайдалануға сот қана тыйым сала алатыны жазылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабы есеп-шоттағы операцияларды уақытша тоқтатуға негіз бола алмайтыны заңда анық айтылған.

"Банк заңдағы осы ережені бұзса, ол келісім-шартқа сай жауап береді. Бұған қоса, банк қызметкерлер уақытылы айлық ала алмаған жағдайда материалдық шығынды өтеуі тиіс", - деп жазылған заңда.

Бұның алдында "ДемирБанк" есеп-шоттар бұғатталғанын ауызша хабарлап, себебін білу үшін Ұлттық қауіпсіздің мемлекеттік комитетіне шығуға кеңес берген. Қаржы мекемесі банк есеп-шоты бұтталғаны туралы "Азаттыққа" ресми, не жазбаша ескертпеген. Арнайы қызметтегілер болса сауалға кейін жауап беруге уәде берді, алайда әлі үнсіз отыр.

26 қазанда Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі "Азаттық Медиа" мекемесінің веб-сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарған. Министрлік мәліметінде "ақпарат айдынында Қырғызстанның ұлттық мүддесіне қарсы келген анық емес материалдарға байланысты осындай шара қолданылғаны" айтылған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай тәуелсіз медианың үнін басу үшін Қырғызстандағы демократияға көлеңке түсіретін - авторитарлық режим екенін білдірген.

27 қазанда министрлік мамандары "Азаттық Медиа" мекемесінің тіркеу туралы құжаттарын тексеріп, көшірмелерін алып кеткен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс, Human Rights Watch ұйымы, "Журналистерді қорғау комитеті" бастаған бірқатар халықаралық ұйымдар Азаттық сайтының бұғатталғанын сынаған.

XS
SM
MD
LG