Ссылки доступа

Өзбекстанда пәтерді жалға беру ақысы 16 пайызға қымбаттаған 


Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитеті қазан айында жылжымайтын мүлікті жалға беру 16,1% қымбаттағанын жеткізді. Ең жоғарғы көрсеткіш Ташкентте  – 51,6%, ең төменгі көрсеткіш Хорезм облысында –  1% тіркелген. 

Комитет бұдан бөлек қазанда тауар және қызмет көрсету саласы 1,2 пайызға көбейгенін атап өткен. Қажетті тауарлар 12, 2% өскен.

Осыған дейін Ресейден мобилизациядан қашқан азаматтар Ташкентке орналасып жатқаннан кейін пәтер бағасының қымбаттап кеткені айтылған.

Әртүрлі мәліметтер бойынша Ресейде мобилизация жарияланғаннан бері 700 мың адам шығып кеткен. Статистика комитеті қыркүйек айында Өзбекстанға 78,2 мың ресейлік турист кіргенін, бұл сәуір айымен салыстырғанда 2,7 есеге көп екенін білдіреді.

Соңғы 9 айда Өзбекстанға 318 156 ресейлік барған. Оның 210 902 ер, 107 254 әйел.

XS
SM
MD
LG