Ссылки доступа

Тәжікстанда келінінің өліміне себепкер болған ене жеті жылға сотталды 


Бибикалон Назирова келіні Манораи Абдуфаттох 
Бибикалон Назирова келіні Манораи Абдуфаттох 

Тәжікстанның Файзабад аудандық соты келінін өзін-өзі өлтіруге жеткізді деп айыпталған әйелді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекеттік айыптаушы Манораи Абдуфаттохтың өліміне кінәлі деп айыпталған Бибикалон Назироваға сегіз жыл сұраған. 

Тергеу органдары 2021 жылы 22 маусымда үш баланың анасы жалдап тұрған пәтерінде өзіне 26 рет пышақ сұғып, қайтыс болғанын хабарлған. Бірақ марқұмның туыстары бұл болжамға сенбей, істі қайта қарауды талап еткен.

Манораның әкесі Абдуфаттох Мисоков сот үкіміне қанағаттанатынын, енді қызын қайтарып ала алмайтынын жеткізді.

“Сот әділетті үкім шығарды. Бұл өзгелерге сабақ болуы керек", - деді ол.

24 қазанда өткен сот үкімінде Бибикалон Назирова келінімен ұрысып келгенін мойындап, бірақ бұл өзін-өзі өлтіруге себеп болуы мүмкін емес екенін айтқан.

Манораи Абдуфаттох өзіне қалай 26 рет қол сұққан деген сұрақ сол күйі жауапсыз қалды.

Марқұмның артында үш баласы қалды. Үлкені алтыда, кенжесі бір жарым жаста.

XS
SM
MD
LG