Ссылки доступа

Қырғызстанда тағы бір журналист қамауға алынды 


Қырғызстанда журналист Семетей Талас уулу Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша тергеу абақтысында 48 сағатқа қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Аскат Жакупбеков хабарлады. 

Оның сөзінше, Талас уулуна Қылмыстық кодекстің 332-бабы ("Экстремистік материалдарды әзірлеу, тарату") бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған. Оның бұлтартпау шарасы 2 қарашада қаралады.

Ішкі істер министрлігі журналистің қамалуы бойынша әзірге пікір білдірмеді.

Семетей Талас уулу жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тергеуге алынған. Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы Кемпірабад су қоймасына қатысты пікірін ашық білдіріп келген.

41 жастағы Семетей Талас уулу тәуелсіз журналистердің бірі. Ол көбінде ұйымдасқан қылмыстық топтар, коррупция тақырыбын көтереді.

XS
SM
MD
LG