Мәліметке қарағанда, комиссия әлеуметтік жағдайы ауыр, жасаған ісіне өкінетін айыпталушылардың үшінші тізімін дайындап, оларды қамаудан босату үшін тиісті шара қолданды.
"2022 жылғы 1 қарашада Жоғарғы Кеңестің мемлекет кепілі негізінде ұсынысы мен сұрауы бойынша Бас прокуратура тағы 35 айыпталушының босатты", - деп жазылған омбудсмен хабарламасында.
Осылайша комиссия бастамасымен жалпы саны 107 күдікті қамаудан шықты.
Биыл шілденің басында Қарақалпақстан астанасы Нүкіс пен өңірдегі басқа да қалаларда жаппай наразылық шеруі болды. Тұрғындар Конституцияның жаңа нұсқасында Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан шығу құқығын беретін зайырлы мәртебесін алып тастағанына қарсы шықты.
Наразылық күшпен басылды. 4 шілдеде Өзбекстан билігі 18 адам қаза болғанын, 516 адам ұсталғанын мәлімдеді. Сол күні Өзбекстан парламенті ел Конституциясында Қарақалпақстанның зайырлы мәртебесін сақтау жөнінде ресми шешім қабылдады.