Ссылки доступа

Ресейдің Украинамен шекаралас өңірлеріндегі өзбек студенттерін елдегі білім мекемелеріне ауыстырады


Ресейдің Курск, Брянск, Белгород, Воронеж, Ростов және Краснодар облыстарында (Украинамен шекаралас) оқитын өзбек студенттерін Өзбекстандағы мемлекеттік мемлекеттік жоғары оқу орындарына ауыстырады.

Өзбекстан мемлекеттік тест орталығының мәліметінше, мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Студенттер туған өңіріне жақын орналасқан, мамандығы сәйкес келетін немесе мазмұны ұқсас жоғары оқу орындарына қабылданады.

"Оқу орнын ауыстыру жөніндегі арызды қабылдау 1-20 қараша аралығында жүреді. Өтінішті Мемлекеттік тест орталығының my.dtm.uz сайтына қалдыру керек", — деп жазылған орталық хабарламасында.

Бұның алдында Курск медициналық университетінде оқитын өзбек студенттері Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке үндеу жолдап, Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуін сұраған. Студенттер Ресей мен Украина арасындағы жанжалдың өршіп бара жатқанына алаңдаған.

Осы үндеу тараған соң СІМ студенттер өтінішін Ресейдегі өзбек дипломаттары зерттеп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG