Ссылки доступа

"Жоғалған" тәжік мигранты 24 жылдан соң Ресейден анасына оралды (видео)


Әмриддин Гадоев анасымен бірге
Әмриддин Гадоев анасымен бірге

Тәжікстанда ана мен бала 24 жылдан соң қайта қауышты.

Әмриддин Гадоев 1998 жылы Ресейге 33 жасында кетіп, содан кейін із-түссіз "жоғалған". Әмириддиннен хабар болмаған. 24 жылдың ішінде тәжік мигрантының әйелі екі баласымен ата-енесінің қолынан кеткен, әкесі мен бауыры қайтыс болған.

76 жастағы ана ширек ғасырға жуық уақыт бойы баласын Жалолиддин Балхи ауданындағы Иттифок ауылында күткен.

"Балаң табылды дегенге сене алмай қалдым. Жыладым, өтірік дедім. Бірақ бүгін бәрі орнына түсті, жүрегім қайта жібігендей болды", - дейді Әмриддиннің анасы Зулфия Гадоева.

Әмриддин Гадоев қазір 57 жаста. Екатеринбург түбіндегі бір ауылда тұрған. Ол құжаттарын жоғалтып алған, ал Ресейдің бұл өңірінде 2007 жылға дейін құжат жасататын Тәжікстан өкілдігі болмаған. Кейін азамат соғысынан кейінгі Тәжікстанның ауыр жағдайын естіп, үмітін үзген.

"Таныс бір жігіт содырлар туысқандарымның бәрін өлтіріп кетті деді. Мен бір орыс әйелімен танысып, сонымен бірге тұра бастадым. Оның қыздарын бірге тәрбиеледік, немерелер дүниеге келді", - дейді ол.

Әмриддиннің орыс әйелі бір жыл бұрын дүние салған, ал оның қыздары тәжік азаматына елге қайтуға көмектескен.

Әмриддиннің Тәжікстандағы туыстары оны өлдіге санап, азалы жиын өткізген, құран бағыштаған.

Встреча сына с матерью после 24 лет разлуки
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

Әмриддин Гадоевтың қызы мен ұлы қазір Ресейде жұмыс істейді. Олар әкесімен байланысқа шықпаған. "Мен кеткенде қызым алты айлық, ұлым жеті жаста еді. Ұлым Ресейде үйленгенін, қызым тұрмысқа шыққанын, бірақ кейін ажырасып кеткенін естідім. Мен оларды әлі көрген жоқпын", - дейді 24 жылдан соң ауылына оралған әке.

Тәжікстанның жүз мыңдаған азаматы жұмыс істейтін Ресейде осы уақытқа дейін мыңдаған тәжікстандық із-түссіз жоғалған. Жоғалғандардың кейбірінің туыстары үміт үзіп үлгерген. Ал басқалары әлі күнге дейін олармен аман-есен табысатынына сенеді.

XS
SM
MD
LG