Ссылки доступа

Қырғыз депутаты "Азаттық Медиа" есеп-шоттарының бұғатталуы мәселесін парламентте көтерді


Депутат Дастан Бекешев Жогорку Кенештің 2 қарашадағы отырысында "Азаттық Медиа" банк есеп-шоттарының бұғатталуы мәседесін көтерді.

Ол заңда банк есеп-шорттарын бұғаттаудың үш себебі ғана барын еске салды. Олар: салық берешегі; легализация, заңсыз табысты заңдастыру немесе террористік ұйымды қаржыландыру; соттың тиісті шешімі.

"Көпшілігі бұның "Азаттыққа" ғана қатысы бар деп ойлауы мүмкін, бірақ олар қателеседі. Банк заңнамасын бұзуға болмайды. Кәсіпкерлер, инвесторлар бар. Заңды сауал туындайды: бүгін олар "Азаттықтың" есеп-шотын бұғаттады, онда кез келген есеп-шотты бұғаттауға бола ма? Бұның банк секторына кері әсері бар. Неге бұлай болғанын түсіндіріп беріңіз", - деді депутат президент пен үкіметтің парламенттегі өкіліне.

31 қазанда "ДемирБанк" өкілдері есеп-шоттар бұғатталғанын ауызша хабарлап, себебін білу үшін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетке шығуға кеңес берген. Қаржы мекемесі банк есеп-шоты бұтталғаны туралы "Азаттыққа" ресми, не жазбаша ескертпеген. Арнайы қызметтегілер болса сауалға кейін жауап беруге уәде берді, алайда әлі үнсіз отыр.

26 қазанда Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі "Азаттық Медиа" мекемесінің веб-сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарған. Министрлік мәліметінде "ақпарат айдынында Қырғызстанның ұлттық мүддесіне қарсы келген анық емес материалдарға байланысты осындай шара қолданылғаны" айтылған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай тәуелсіз медианың үнін басу үшін Қырғызстандағы демократияға көлеңке түсіретін - авторитарлық режим екенін білдірген.

27 қазанда министрлік мамандары "Азаттық Медиа" мекемесінің тіркеу туралы құжаттарын тексеріп, көшірмелерін алып кеткен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс, Human Rights Watch ұйымы, "Журналистерді қорғау комитеті" бастаған бірқатар халықаралық ұйымдар Азаттық сайтының бұғатталғанын сынаған.

"Азаттық" - Азат Еуропа/Азаттық радиосы коммерциялық емес, тәуелсіз корпорациясының қырғыз қызметі, Қырғызстанда "Азаттық Медиа" Мекемесі деген атпен ресми тіркелген.

XS
SM
MD
LG