Ссылки доступа

Құмтөр кенінде соңғы тоғыз айдағы жұмыстың нәтижесі жарияланды 


"Құмтөр Голд Компани" кәсіпорны биыл тоғыз айдағы жұмысының қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, Құмтөр алтын кенінде жыл басынан бері 30 қыркүйекке дейін 389 357 унций немесе 12 110,3 келі алтын өндірілген. 

Ақпаратқа қарағанда, 2022 жылы алтын өндіру былтырғы жылмен салыстырғанда көбейген. 2021 жылы тоғыз айда 292 970 унций немесе 8,5 тонна алтын өндірілген.

"Көлемнің көбеюі фабрикаға жеткізілетін кеннің құрамында алтынның көп мөлшерде болуы мен металлды кеннен бөліп алу коэффициентіне байланысты", - делінген мәліметте.

2022 жылдың тоғыз айында компанияда 379 551 унций немесе 11 805,37 кг алтынды сатып, одан жалпы 679,8 млн доллар табыс алған.

Жыл басынан бері 26,78 млрд сом салық, әлеуметтік қорға және басқа міндетті төлемдерге төленген.

Қырғызстандағы Құмтөр кені Орталық Азиядағы ең ірі алтын кендерінің бірі. Кенде өндіріс басталған 1997 жылдан бері 14,1 млн унций немесе 399,729 тонна алтын өндірілген.

Канадалық "Центерра Голд" компаниясы басқарып келген Құмтөр кенін Қырғызстан билігі 2021 жылдың мамыр айынан бері өзінің бақылауына алған.

XS
SM
MD
LG