Ссылки доступа

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті кезінде Самарқанд әуежайы жабылады 


Самарқанд халықаралық әуежайы техникалық себептермен 8-12 қараша аралығында жабық болады. Бұл жайында "AviaAlertsUZ" телеграм-каналы хабарлады.  

11 қарашада Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының алғашқы саммиті өтеді.

Бұл ұйым 2009 жылы қазанда Түркітілдес мемлекеттердің әріптестік кеңесі (Түркі кеңесі) ретінде құрылып, құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қазақстан және Түркия кірген.

Өзбекстан бұл ұйымға 2019 жылы кірген.

2021 жылы қарашада Стамбұлда өткен саммитте Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп өзгертілген. Қазір бұл ұйымға Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Венгрия мен Түркіменстан байқаушы мәртебесіне ие.

XS
SM
MD
LG