Ссылки доступа

"Сорос-Қырғызстан" қоры сөз бостандығына қысым мен шабуылға алаңдайды 


"Сорос-Қырғызстан" қоры Журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына қарсы күрес күні қарсаңында мәлімдеме таратты. Онда қор соңғы кезде Қырғызстанда сөз еркіндігіне қысым және шабуылдар жасалынып жатқанына алаңдаушылық білдірген. 

"Жазасыздық журналистерді және белсенділерді қорқытып, қылмыскерлерді одан сайын өршітіп, қоғамға кесірін тигізіп, антидемократиялық цензураға жол ашады. Қазір осындай ауыр кезде журналистерді қолдау маңызды. Тәуелсіз БАҚ және медиа ұйымдарға гранттық қолдау көрсету арқылы біз сөз еркіндігін қорғау, медиа сауатты дамыту, журналистиканың талаптарын үйрету және маңызды тақырыптарда сауатты контентті түзу бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз. 24 қазанда біз қырғызстандық журналист Алишер Саиповтың өмірден өткенінің 15 жылдығын атап өттік. Бұл күн журналистер арасында әділеттілік маңызды екенін тағы ескертіп келеді", - деген қордың мәлімдемесінде.

Қырғызстандағы "Медиа Полис Институты" ұйымы 2020 жылдың қазан айынан бастап 2022 жылға дейін өлкедегі сөз еркіндігінің ахуалы жөнінде мониторинг жасап, арнайы баяндамасын жариялады.

Онда жақында 20-дан астам белсенді мен саясаткерлердің қамалуы, Азаттықтың сайты мен банк есебінің бұғатталуы Қырғызстанның сөз еркіндігінің жағдайы нашарлап жатқанын көрсететінін атап өткен.

Өз кезегінде Қырғызстан билігі елінде сөз бостандығына шектеу қойылмағанын айтып келеді. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев Азаттық сайты бұғатталғаннан кейін, 28 қазанда мәлімдеме жасап, өлкеде еркін медиаға шектеу қойылмағанын, сөз бостандығы әрдайым болатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG