Ссылки доступа

Қамчыбек Тәшиев: Қырғызстан Түркиядан "Ақсүңгір" ұшу аппаратын алды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Тәшиев Бішкек Түркиядан "Ақсүңгір" ұшқышсыз ұшу аппаратын алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол фейсбуктегі парағында жазды.

ҰҚМК басшысы түрік әскери аппараты макетінің суретін жариялап, "Ақсүңгір бізде де бар" деп жазды. Тәшиев қанша ұшу аппараты сатып алынғаны туралы мәлімет жарияламады.

Еске салайық, 2021 жылы Қырғызстан билігі Түркиядан әскери соққы жасауға арналған "Байрақтар ТБ-2" ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алып, оны Шекара қызметінің күштеріне берген.

Былтыр қазан айында қырғыз президенті Садыр Жапаров Қырғызстан әскери техникасын күшейту мақсатында 100 млн доллар бөлінгенін хабарлаған. Бішкек ұшқышсыз ұшақтарды Ресей мен Түркиядан сатып алатынын айтқан. Қырғыз билігі осындай ұшақтармен республика шекараларын күзеткісі келеді.

XS
SM
MD
LG