Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Семетей Талас уулу үйқамаққа шықты


Қырғызстанда журналист Семетей Талас уулу үйқамаққа шықты. Бішкектің 1-май аудандық соты 3 қарашада осындай шешім қабылдады.

Мәліметтерге қарағанда, журналист 7 желтоқсанға дейін үйқамақта отырады.

Сотқа журналист Ауғанстан туралы материалды фейсбуктегі парағына салғанын, бірақ сәлден соң алып тастағанын айтты.

"Ауғанстан туралы материалды фейсбукте бөлістім. Онда совет және америкалық әскердің осы елде болған кездегі тарихи оқиғалар баяндалған. Мені тергеуге шақырып, одан соң ұстады. Ақпан айында үйден мүфтият рұқсатымен басылған кітаптарды тәркіледі. Бірақ ол кітаптардан күдікті ештеңе таба алмаған. Мен дәстүрлі исламды ұстанамын, ал сілтемені кездейсоқ бөлістім", - деді журналист.

Еске салайық, 1 қарашада Семетей Талас уулу экстремизм күдігімен ұсталды.

Талас уулу өзіне қарсы асылған істердің саяси астары бар деп есептейді. Бұның алдында журналист Кемпірадам су қоймасы төңірегіндегі мәселеге қатысты пікірін жариялап, осы іске белсене кіріскен.

XS
SM
MD
LG