Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек СІМ басшылары Кемпірабад су қоймасы бойынша келісімге қол қойды 


Кемпірабад су қоймасы 

Қырғызстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері Жээнбек Кулубаев пен Владимир Норов 3 қарашадағы кездесуде бірнеше құжатқа қол қойды. Осылай деп Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Министрлер Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының бірқатар учаскелері жөніндегі келісімге, үкіметтер арасындағы Кемпірабад су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару жөніндегі келісімге, су шаруашылығы мәселелері бойынша әріптестік жөніндегі келісімге қол қойған.

Кемпірабад су қоймасын бірлесіп басқару туралы қырғыз-өзбек үкіметаралық келісім жобасын Жогорку Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және миграция комитеті 31 қазанда көпшілікпен дауыспен қолдаған.

Президент Садыр Жапаров қырғыз-өзбек шекарасындағы Кемпірабад су қоймасын бірлесіп басқару бойынша "Кабар" агенттігіне сұқбат беріп, онда бірлесіп басқаруда қырғыз тарабы ешқандай шығын көрмейді деген.

Қырғызстанда Кемпірабад ісіне байланысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырылды" деген күдікпен жалпы 26 белсенді мен саясаткер қамауға алынған. Оған дейін Кемпірабад су қоймасына жақын аймақтағы Өзгөн ауданында да наразылық акциялары өткен.

XS
SM
MD
LG