Ссылки доступа

Илон Маск Twitter қызметкерлерінің 50% қысқартпақ 


Туиттердің толыққанды иесі болған миллиардер Илон Маск платформада істейтін қызметкерлердің 50% қысқартпақ. 

Bloomberg агенттігі мәліметіне қарағанда, Туиттерде 7500 қызметкер бар. Олардың 3700-і қысқаруы мүмкін. Илон Маск мұны компанияның ірі шығындарымен түсіндірді.

SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маск 28 қазанда Туиттерді 44 миллиард долларға сатып алу ісін ресми түрде аяқтап, компанияны толыққанды басқара бастаған.

Reuters пен The Washington Post жазғандай, Маск Twitter-дің атқарушы директоры Параг Агравалды, қаржы директоры Нед Сигалды, құқықтық мәселелер бойынша жетекші Вижайя Гаддени мен бас заң кеңесшісі Шон Эджетті қызметінен алды.

Ақпаратқа қарағанда, ол оларды платформадағы фейк аккаунттардың саны бойынша және инвесторларды адастыруға айыптаған.

Маск жаңа жетекші тағайындағанға дейін компания басшылығы қызметін өзі атқаратынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG