Журналист өзіне тағылған барлық айыптарды мойындамайды. Дереккөз мәліметінше, ол сот кезінде бірде бір партия не қозғалыспен әріптестік жасамағанын айтқан. Керісінше, ол мемлекеттік телеарнадағы жұмысы жайлы айтып, кезінде Сириядағы жихадшылардан қорқытып-үркіту алғанын жеткізген. Сот кеңесу бөлмесіне кеткен.
Завкибек Саидамини биыл 8 шілдеде Вахдат қаласында ұсталған. Ол мемлекеттік телеарнадан кеткеннен кейін, саудамен шұғылданып, кейін құрылыс саласында істеген. Ол сонымен бірге әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, ұсталған журналистерге қолдау көрсетіп жүрген.
2020 жылы Завкибек Саидамини Тәжікстанның төменгі палатасына депутаттықтан үміткер болған. Бірақ оны сайлау комиссиясы тіркемеді.