Ссылки доступа

Самарқанда қалаға кіретін жолдар Түркі саммитіне байланысты жабылады


Самарқанд қаласына кіретін жолдар 10 және 11 қараша күндері уақытша жабылады. Қала арқылы басқа аймақтарға қарай өтетін бағыттар үшін айналма жол ұйымдастырылды. Бұл туралы 4 қарашада Самарқанд облысының ішкі істер департаменті хабарлады.

Бұған қоса, саммит өтетін күндері Самарқанд қаласындағы кейбір жолдарда қозғалыс шектеледі.

Бұның алдында Самарқанд халықаралық әуежайы 8 қарашадан бастап 12 қарашаға дейін жабылатыны хабарланған.

Түркі елдері ұйымының алғашқы саммиті 11 қарашада Самарқанда өтеді. Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Венгрия мен Түркіменстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Түркі елдері ұйымы 2009 жылғы қазанда Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесі (Түркі кеңесі) ретінде құрылған. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мүше болған.

Өзбекстан ұйымға мүше болғысы келетінін 2018 жылы мәлімдеп, бір жылдан соң Бакудегі саммитте ұйымға қабылданды. 2021 жылғы 12 қарашада Стамбұлдағы саммитте Түркі кеңесі атауы Түркі елдері ұйымы болып өзгертілді.

XS
SM
MD
LG