Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар Бішкектен үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа заң жобасын кері қайтаруды сұрайды


"Бір Дуйно - Қырғызстан" адам құқықтарын қорғау ұйымы президент Садыр Жапаровқа, үкімет басшысы Ақылбек Жапаровқа және парламент спикері Нұрланбек Шәкиевке үндеу жолдап, "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" заң жобасын кері қайтаруды сұрады. Құжат қоғам талқылауына шығарылған.

Ұйым мүшелерінің пікірінше, заң жобасы азаматтардың еркін ұйымдасу конституциялық құқығын шектейді. "Заңдағы өзгертулер адам құқықтарын қорғау емес, азаматтық қоғамды басуды көздейді", деп мәлімдеді "Бір Дуйно - Қырғызстан".

3 қарашада үкімет сайтында "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" жаң жобасы жарияланды. Жаңа заң дайындау туралы бастаманы президент әкімшілігі көтерген.

Құжат авторлары үкіметтік емес ұйымдарды Әділет министрлігінде тіркеуге міндеттеуді ұсынған. Бұған қоса, коммерциялық емес ұйымдардың заң бұзбауын Бас прокуратура қадағалайды, ал Әділет министрлігі мен салық органдары ұйым жарғылары мен құжаттары заңға қаншалықты сай екенін тексереді.

XS
SM
MD
LG