Ссылки доступа

Елші, бұрынғы оппозициялық саясаткер Өмірбек Текебаев сұрауға алынған 


6 қарашада Қырғызстанның Германиядағы елшісі Өмірбек Текебаев ІІМ тергеу басқармасына куәгер ретінде сұрауға алынған. Бұл жөнінде елшінің адвокаты Чынар Жакупбекова хабарлады. 

Оның сөзінше, Өмірбек Текебаев Кемпірабад су қоймасы жерін Өзбекстанға беруге қарсы шыққан оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерге қарсы "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындық" деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс бойынша сұрауға алынған. Елші тергеу материалдарын жарияламау туралы хатқа қол қойған.

Германиядан Қырғызстанға 5 қарашада келген Өмірбек Текебаев ІІМ-ге куәгер ретінде 6 қарашада жауап берген. Саясаткер елші болып биыл ақпан айында тағайындалған.

ІІМ бұл жайында әзірге мәлімет бермеді.

XS
SM
MD
LG