Ссылки доступа

Қырғызстан Тарих пен бабалар мұрасы күнін атап өтіп жатыр


7-8 қарашада Қырғызстан Тарих пен бабалар мұрасы күнін атап өтеді. Дүйсенбіде ел президенті Садыр Жапаров халыққа үндеу арнады.

"Сан ғасырлы тарихи жолда халқымыз түрлі сынақты өткерді. Өрлеу де, құлдырау да болды. Қырғыз халқы Ұлы Қырғыз қағанат құрған уақытта ұлы заманды бастан өткерді. Қайғылы оқиғалар да көп болды. Үркүн кезінде жоғалып кете жаздады. Ауыр зұлматқа тап болған халықтардың көбі жойылып кетті, аты кітап беттерінде ғана қалды. Тәуелсіздігін ежелден қымбат тұтқан қырғыз халқы әлі өмір сүріп келеді. Бұл да біздің ұлы тарихымыз, оны мақтан тұтамыз", - деп жазды президент.

Қырғызстанда тарих пен бабалар мұрасы күні 2018 жылдан бері атап өтіліп келеді. Мұндай бастаманы сол кездегі ел президенті Алмазбек Атамбаев 2017 жылы көтерген.

XS
SM
MD
LG