Ссылки доступа

Қырғыз президентінің өкілі "Талибан" өкілдерімен кездесті 


6 қарашада Қырғызстан президентінің арнайы тапсырмалар бойынша өкілі Таалатбек Масадыков Кабулда Ауғанстанды басқарып отырған билік жетекшілерімен жолықты. Бұл туралы Қырғызстанның СІМ хабарлады. 

Масадыков сапар барысында "Талибан" үкіметінің бірінші вице-премьер-министрінің міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадар, вице-премьер-министрдің міндетін атқарушы Абдул Салам Ханафи және сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Шер Мохаммад Аббас Станикзаймен жолыққан.

Кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік және екі тарапты сауда-экономикалық, мәдени байланыстарды дамыту және көлік жолдары мен ауған еліне гуманитарлық көмек көрсету мәселесі қаралған.

Масадыков 2021 жылы Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып тұрғанда Ауғанстанға барып, тәліптердің өкілдерімен сөйлесіп келген. Биыл сәуірде ол президенттің өзгеше тапсырмалары бойынша арнайы өкілі болып тағайындалған.

Былтыр Кабулда билікті басып алған тәліптердің үкіметін әзірге бірде-бір мемлекет таныған емес.

XS
SM
MD
LG