Ссылки доступа

Тәжікстанда діни қызметкер Мухаммади Рахматулло қайта қамауға алынды 


Мухаммади Рахматулло (2007 жылғы суреті)

Тәжікстанда 2000 жылдардың ортасында тыйым салынған "Салафия" ағымының жетекшісі болған Мухаммади Рахматулло (Мухаррамов Мухаммад Рахматуллоұлы) ұсталды. 

Ол былтыр рақымшылыққа ілініп, түрмеден босатылған. Оның тағы не себептен ұсталғаны әзірге белгісіз. Билік өкілдері де әзірге пікір білдірмеді.

Діни қызметкердің інісі Юсуф Мухаррамов Озоди радиосына 7 қарашада оны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне әңгімелесуге шақырылғанын жеткізген. Бірер сағаттан кейін оған хабарласып, Мухаммади Рахматуллоның қамауға алынғанын хабарлаған.

2016 жылы Мухаммади Рахматулло экстремистік ұйымға мүше болды деген айыппен 8 жылға сотталған. 2021 жылдың жазында ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты.

49 жастағы Мухаммади Рахматулло Душанбе түбіндегі "Чоряккорон" ауылында тұрған. 4 баланың әкесі. Исламабадта Халықаралық ислам университетін төрт жыл оқып, 2001 жылы еліне оралған. 2000 жылдардың ортасында ол "Салафия" қозғалысының жетекшісі болып, сәлфи ағымын насихаттаушы болған.

2009 жылы Тәжікстанда "Салафия" қозғалысының жұмысына заңды түрде тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG