Ссылки доступа

Душанбе мэрі Baku Grand Slam 2022 жарысында алтын алған Темур Рахимовқа пәтер сыйлады 


Душанбе әкімі Baku Grand Slam 2022 жарысында алтын медальмен оралған Тәжікстанның дзюдо бойынша құрама командасының мүшесі Темур Рахимовке екі бөлмелі пәтер кілтін тапсырды. 

Душанбе әкімі Олимпиада резервіндегі арнайы спорт мектебінің күрес бөлімінің түлегі, Baku Grand Slam 2022 турнирінің күміс жүлдегері Муллоражаб Халифаевке 100 мың сомони тағайындады.

Дзюдо бойынша Baku Grand Slam 2022 халықаралық турнирі 4-6 қараша күндері өтіп, оған 61 елдің спортшылары қатысқан. Темур Рахимов 100 келіден астам салмақта алтын медальды, Муллоражаб Халифаев 66 келіге дейінгі салмақта күміс медальды иеленген. Темур Рахимов Grand Slam жарысында алтын алған алғашқы тәжік спортшысы.

Алтын медальдан тысқары Темур Рахимов 5 мың еуро көлемінде ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге ол олимпиада рейтингі есебінде 1000 ұпай жинап, ауыр салмақтағы палуандардың тізімі басында өз позициясын сақтап қалды.

XS
SM
MD
LG