Ол мұны Теңіз Бөлтіріктің Фейсбук парақшасына жариялады. Ол онда күйеуін денсаулығына байланысты үйқамаққа шығаруды өтінген. Күйеуінің жүрегі ауыратынын, қан қысымы жоғары екенін айтқан.
Президент Жапаров жергілікті басылымдардың біріне берген сұқбатында Бөлтірік ісіне байланысты соңғы шешімді сот шығарады деген.
Теңіз Бөлтірік тергеу ісімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін қазан айының басында абақтыда жазған хатында білдірген.
Бас прокуратура Теңіз Бөлтірік "Құмтөрден" ақша жымқырды деген күдікпен қамалғанын 13 қыркүйекте мәлімдеген.