Ссылки доступа

Өзбекстан: Самарқандағы саммитке байланысты студенттер демалысқа кетпейді 


Өзбекстанның білім беру министрлігі Самарқанд қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне байланысты аймақтағы жоғары оқу орындарында оқитын студенттер демалысқа жіберіледі деген ақпаратты терістеді. 

"Мұндай ақпараттың барлығы негізсіз. Саммит күндері Самарқандағы барлық жоғары оқу орындарында күнделікті режимде сабақ жүреді", - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Осыған дейін Самарқанд халықаралық әуежайы техникалық себептерге байланысты 8-12 қараша аралығында жабық болатынын хабарлаған.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Самарқандта 11-12 қараша күндері өтеді.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, "саммитке Еуразияның маңызды стратегиялық аймақтарына жайғасқан түркі мемлекеттерінің жетекшілері қатысады деп күтіледі".

XS
SM
MD
LG