Ссылки доступа

Қырғызстан ТМД елдері арасында қысқы туризм бойынша алғашқы үштікке кірді 


Қырғызстан қысқы демалыс бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікке кірді. Бұл туралы ТурСтат порталы хабарлады.  

Ақпаратқа қарағанда, рейтинг құру кезінде елдердің туристер арасындағы танымалдылығы және туризм инфрақұрылымының дамуы есепке алынған.

ТМД-ның қысқы туризм бойынша танымал және жағымды елдердің алғашқы бестігіне Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Армения кірген.

"Қырғызстанда қысқы туристерді Бішкек және Қаракөл қалалалы, Қаракөлдегі тау-шаңғы курорты, Бішкекке жақын орналасқан шаңғы базалары және Ыстықкөл қызықтырады", - деп жазылған ТурСтат сайтында.

XS
SM
MD
LG