Ссылки доступа

Қырғыз ақыны Болот Назаров жылқы ұрлады деген күдікпен ұсталды


Қырғызстанда ақын Болот Назаровты милиция ұстады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Шу облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, 7 қарашада Беловодское селосының бір тұрғыны милицияға арызданған. Оның айтуынша, Чон-Арық ауылында ақын Болот Назаров кәмелет жасқа толмаған баладан жылқысымен суретке түсуге рұқсат сұраған. Содан кейін Назаров жас балаға күш көрсетіп, оның жылқысымен белгісіз жаққа кетіп қалған.

Милиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ұрланған жылқы табылды. Тергеу жүріп жатыр.

Болот Назаровты бұның алдында да бір мәрте милиция ұстаған. 2022 жылғы қаңтарда ол журналист Болот Теміровпен бірге ұсталды, бірақ сол күні оны үйқамаққа босатты. Ұсталғандарға "есірткіні заңсыз дайындады" деген айып тағылған.

Сот Теміровті осы айып бойынша ақтап шықты, ал Назаров ісіне қатысты тергеу қай кезеңде екені белгісіз.

XS
SM
MD
LG