Ссылки доступа

Өзбекстанда инвестиция салған шетелдікке азаматтық бере бастайды


Өзбекстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға кем дегенде 1 миллион доллар салған жеке тұлға азаматықты жеңілдікпен алуы мүмкін.

"Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы" заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын 8-23 қараша аралығында қоғам талқылайды.

Заң жобасы мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді.

Өзбекстан азаматтығын жеңіл тәртіппен алу үшін шетел азаматының республикада кем дегенде бір жақын танысы болуы тиіс. Өзбек азаматтығын алғысы келетін адам ел Конституциясын сақтап, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Енді осындай жеңілдікке республика экономкасына инвестиция салған шетел азаматы да ие болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG