Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": Бішкек соты белсенділерді босатпады


Kyrgyzstan - Gulnara Jurabaeva, Bishkek, November 9, 2022
Kyrgyzstan - Gulnara Jurabaeva, Bishkek, November 9, 2022

Бішкек қалалық соты бұның алдында ұсталған бірнеше белсендінің тергеу изоляторынан үйқамаққа шығару туралы өтінішін қарады.

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі Гүлнара Журабаева 21 желтоқсанға дейін астанадағы №1 тергеу изоляторында отырады. Бішкек қалалық соты оны үйқамаққа шығару туралы арызын қанағаттандырмады.

Бұның алдында адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділер 63 жастағы Журабаеваны тергеу абақтысынан босатуды бірнеше мәрте сұраған.

Блогер Атай Бейшенбек те 20 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Белсенді Әли Шабданға да осындай шешім шықты. Сот алқасы айыпталушыны ұстау заңды деп таныды.

Қазан айында Бішкекте саясаткерлер мен белсенділерді жаппай ұстау операциясы өтті. Олардың үстінен "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекеттенді" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Бішкек соты саясаткерлер мен белсенділерді екі ай тергеу изоляторында ұстау жөнінде шешім қабылдады. Бішкекте барлығы 26 адам ұсталды.

Қамаудағылар қылмыстық қудалауды Кемпірабад су қоймасына қатысты ұстанымымен байланыстырды. Олар су қоймасын қорғау жөніндегі комитет құрғанын жариялаған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың пікірінше, ұсталғандарды "Кемпірабад мәселесі аса толғандырмайды", "олардың дені билікке ілігудің амалын қарастырып жүргендер".

XS
SM
MD
LG