Ссылки доступа

Ресейде жол апатынан екі тәжік азаматы қайтыс болып, бесеуі жараланған 


Ресейдің Челябинск аймағында 7 қарашада болған жол апатынан Тәжікстанның екі азаматы мерт болып, тағы бесеуі жараланған. Олардың үшеуі  – балалар.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, Қазақстаннан келе жатқан Toyota Verso минивэні Тюменге бара жатып, жолда жүк көлігімен қақтығысқан. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы бірқалыпты деп бағаланып жатыр.

Қайтыс болғандар - минивэн жүргізушісі, 74 жастағы Дехконбой Машарифов пен оның 69 жастағы әйелі Саидмох Машарифова. Олар Тәжікстан азаматтары.

Жыл сайын жол апатынан, ауыр оқиғалардан Ресейде Тәжікстанның жүздеген азаматы қайтыс болады. Соңғы алты айда Ресейден Тәжікстанға 480 адамның денесі жеткізілген.

XS
SM
MD
LG