Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": Сот тағы бір белсендіні қамауда қалдырды 


Бішкек қалалық соты Талас облысының бұрынғы әкімі, белсенді Айбек Бузурманкуловтың бұлтартпас шарасын қарап, аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. 

Оған дейін Бірінші май аудандық соты оны 20 желтоқсанға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарған.

23-24 қазанда жиырмадан астам қырғыз саясаткері, белсендісі Кемпірабад ісіне байланысты жаппай қамауға алынған. Олардың басым бөлігі екі айға қамауға алынды. Қазір қамауға алынғандардың саны 26-ға жетті.

ІІМ оларға қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қамалғандар өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG