Ссылки доступа

Қазақстанның тәжік мектептерінде кітаптар жетіспейтіні айтылды (видео)


Қазақстандағы тәжік мектептеріндегі кітапханалардың бірі. 
Қазақстандағы тәжік мектептеріндегі кітапханалардың бірі. 

Қазақстанның тәжік мектептерінің басшылары кітап жетіспейтінін айтып жатыр. Озоди радиосының тілшісі бұл мектептерде тәжік әдебиетін табу қиын екенінің куәсі болды.

Осыған дейін Тәжікстанның білім беру министрлігі Қазақстандағы тәжік мектептеріне оқулықтар мен әдеби кітаптарды жібергенін мәлімдеген.

Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Фирдауси ауылында Абулкасым Фирдауси атындағы тәжік мектебі бар. Бұл мектепте тәжік және қазақ тілдерінде 900-ға жуық оқушы оқиды.

"Оқу кітаптары жетіспейді. Біз бірнеше рет өтініш түсірдік. Бірақ жауап жоқ. 2020 жылы болған сел кезінде мектеп ғимараты зардап шегіп, көптеген кітаптар жарамсыз болып қалған", - деді мұғалім Абдурауф Файзиев.

Кітап жетіспеушілігі Қазақстанның көптеген тәжік мектерлерінде бар. Мирзо Турсунзаде атындағы мектептің кітапханасында тәжік ақынының бірде бір кітабы жоқ.

Қазақстанда 12 тәжік мектебі бар, олардың көбі Түркістан облысында орналасқан.

В таджикоязычных школах Казахстана не хватает учебников
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:32 0:00

XS
SM
MD
LG