Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": Жогорку Кеңеш депутаттары президенттен қамалған әйелдерді босатуды сұрады 


Жогорку Кеңештің 20-ға жуық депутаты президент Садыр Жапаровқа үндеу жасап, Кемпірабад ісі бойынша қамалған әйелдерді босатуды сұрады. Бұл мәліметті депутат Дастан Бекешев Азаттыққа хабарлады. 

Үндеуде әйелдер Қырғызстан мәдениетінде тарихы ерекше екенін атап өтіп, қамаудағы белсенділер елдің дамуына еңбек етіп келе жатқанын жеткізді.

"Сіздің жеке қатысуыңызбен рақымшылық танытып, тиісті жетекшілердің қабылдаған шешімін қайта қарап, қамалған әйелдердің бұлтартпас шарасын қайта қарауды сұраймыз", - делінген үндеуде.

Қырғызстанда Кемпірабад ісіне байланысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды" деген күдікпен қамауға алынғандардың жалпы саны 26-ға жетті. Осыған дейін белсенділер, құқық қорғаушылар Кемпірабад ісі бойынша қамалған әйелдерді босатуды сұрап, билікке ашық хат жазған.

Қамалғандардың арасында алты әйел бар.

XS
SM
MD
LG