Ссылки доступа

Самарқанда бүгін түркітілдес елдердің саммиті басталады 


11 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттер ұйымының 9- саммиті басталады. Жеті өлкенің лидерлері қатысатыны хабарланған кездесуде түркі тілдері елдері арасындағы әріптестік талқыланады. 

Бұл жолы ұйымға Түркіменстан толыққанды мүше болып, ұйымның бас хатшысы қызметіне қырғызстандық дипломат Кубанычбек Өмүралиев тағайындалады деп күтіледі.

Былтырдан бері Түркі мемлекеттер ұйымы деп атауын өзгерткен ұйым саммиті Өзбекстанда бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бұл шараға өзбек билігі барынша дайындалып, тіптен осыған дейін аккредитация бермей келген БАҚ өкілдерін де шақырған.

Ұйым хатшылығы мәліметіне қарағанда, Самарқандағы саммитке Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, байқаушы ел болып келген Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қатысады деп күтіледі.

Бұл жолғы жиын "Түркі өркениетінің жаңа дәуірі: даму және гүлдену жолында" деген ұранмен ұйымдастырылып жатыр.

XS
SM
MD
LG