Ссылки доступа

Бішкекте самбодан әлем чемпионаты басталады. Тәжікстан құрамасы турнирден бас тартты


Акмалиддин Каримов, золотой призер чемпионата мира по самбо в Ташкенте

Қырғызстан астанасында тарихта алғаш рет самбодан әлем чемпионаты өтеді. 11-18 қараша күндері Бішкекте өтетін турнирге әлемнің елуден астам елінен үздік самбошылар қатысады, деп хабарлады Халықаралық самбо федерациясы (FIAS).

Әлем чемпионатына қатысуға әлемнің елу шақты мемлекетінің командасы өтініш түсірді. FIAS Атқару комитетінің шешімімен, Беларусь, Ресей және Франция спортшылары Халықаралық самбо федерациясы туымен өнер көрсетеді.

Украина құрамасы жарысқа қатыспайды. Бішкекке Тәжікстан спортшылары да келмейді. Тәжікстан самбо федерациясының Озоди радиосына хабарлауынша, мұндай шешім жақында тәжік-қырғыз шекарасында болған жанжалға байланысты қабылданған. Тәжікстан спорт және туризм комитеті елдің Самбо федерациясына тәжік спортшыларының қауіпсіздігі үшін Бішкектегі турнирден бас тартуға кеңес берген.

Биыл 14-17 қыркүйек аралығында болған қарулы жанжал кезінде екі жақтан жүзден астам адам мерт болды.

Тәжікстан құрамасы самбодан әлем чемпионатынан бірінші мәрте бас тартып отыр. Тәуелсіздік жылдары үш тәжік палуына самбодан әлем чемпионы атанған.

Бішкектегі ірі турнирдің жүлде қоры 231 мың доллар. Жеңімпаздар 4 мың доллар сыйақы алады.

XS
SM
MD
LG