Ссылки доступа

Тәжікстан қорғаныс министрлігі: әскерге шақыру 81% орындалды 


Тәжікстан билігі әскерге шақыру жоспары 81% орындалғанын мәлімдеді. Күзгі шақыру 1 қазаннан 30 қарашаға дейін жалғасқан. 

Тәжікстанның қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Фаридун Махмадализода 12 қарашада әскерге шақыру жоспары 81,4% орындалғанын жеткізді.

Оның сөзінше, алдыңғы болып жоспарды Таулы Бадахшан автоном облысы атқарды.

Бірнеше күн бұрын Тәжікстанның бас прокуратурасы шенеуніктердің балалары да әскерге шақырылып жатқанын айтқан. Ақпаратқа қарағанда, қазан айының аяғына дейін мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктердің 124 баласы әскери борышын өтеуге жөнелтілген.

Олардың кәдімгі тәртіпте әскерге шақырылғаны не баламалы қызмет етіп жатқаны белгісіз.

Тәжікстанда жыл сайын әскерге шақыру маусымы басталғаннан жастарды көшеден не үйінен мәжбүрлеп ұстап әкетіп жатқан видеолар тарайды. Бұдан бөлек БАҚ пен әлеуметтік желілерде әскердегі әлімжеттік және аяқ астынан қаза тапқан жауынгерлер туралы мақалалар шығып тұрады.

XS
SM
MD
LG