Ссылки доступа

Бішкекте милиция жаппай төбелеске қатысқан шетелдіктерді ұстады 


Бішкектің Свердлов аудандық милициясы жаппай төбелеске қатысы бар деген шетелдік күдіктілерді ұстаған. Бұл жөнінде Бішкек ішкі істер басқармасы хабарлайды. 

11 қарашада Пәкістан азаматы өзіне белгісіз біреулер қол жұмсағанын айтып, шағым түсірген.

Милиция "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді уақытша тергеу абақтысына жапқан.

Әлеуметтік желілерде Бішкектегі Жеңіс алаңында шетелдіктердің жаппай төбелесіп жатқаны жөнінде видео тараған.

XS
SM
MD
LG