Ссылки доступа

Түркіменстан түркі елдері ұйымының толыққанды мүшесі болмады 


Түркі елдері ұйымы мемлекет басшыларының саммиті қорытындысы бойынша Түркіменстан ұйымға мүше болды деген ақпарат ресми жарияланбады. 

Қыркүйек айында түріктің "Анадолу" агенттігі Түркіменстанның да аталған ұйымға мүше болатыны хабарланған.

Бұл саммитке қазіргі президенттің әкесі, экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысқан. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен барған.

Ол саммитте сөйлеген сөзінде түркі елдері ұйымын "әлемде болып жатқан жанжалды тоқтату үшін қолдан келетін барлық шараны жасауға" шақырған. Бірақ нақты қандай қақтығыстар екенін айтпады.

Түрік басылымдарының жазуынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Самарқанд саммитінде ұйымның қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеп, заңсыз миграцияны реттеу мәселесін көтерген.

Ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ұйым елдері аясында еркін экономикалық кеңістік құруды көтерген.

Түркі елдері ұйымына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері мүше. Венгрия мен Түркіменстан байқаушы ретінде қатысқан.

Бұл ұйым 2009 жылы Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі болып құрылған.

XS
SM
MD
LG