Ссылки доступа

Қазақстанда тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы құрылды


Акбаржон Исмаилов, руководитель республиканского этнокультурного центра таджиков Казахстана
Акбаржон Исмаилов, руководитель республиканского этнокультурного центра таджиков Казахстана

Екі ай бұрын Қазақстанда тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы құрылды. Орталық елде тұратын 100 мыңға жуық тәжіктің басын біріктіреді.

Азаттықтың тәжік қызметі - Озоди радиосының журналисі Астанада Қазақстандағы тәжіктердің этномәдени орталығының төрағасы Ақбаржон Исмаиловпен кездесті.

Ол этномәдени орталықтың биыл 2 қыркүйекте құрылғанын айтты. "Қазақстан тәуелсіздік алғананнан кейін елдегі түрлі этностар ұлттық орталықтар құра бастады. Қазақстанда тәжіктердің аудандық, қалалық және облыстық бірлестіктері құрылды, бірақ республикалық орталық болған жоқ. Республикалық этномәдени орталықтың Астанада ашылуына Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тәжік бірлестіктерінің өкілдері келді. Қазір бізде республиканың түрлі аймақтарында 11 бірлестік бар. Біздің этномәдени орталық - елде тұратын тәжіктер мен Қазақстан үкіметі арасындағы көпір іспеттес. Қазақстан билігі жергілікті тәжіктердің тілі мен мәдениетін сақтауға, дамытуға барлық жағдай жасап отыр", - дейді Ақбаржон Исмоилов.

Қазақстан 12 тәжік мектебі бар. Олардың дені елдің оңтүстігінде, Түркістан облысында орналасқан. Кейінгі 4-5 жылда оқулық жетіспей жатыр. "Бұрындары Тәжікстан Қазақстандағы тәжік мектептеріне үнемі кітап жіберетін. Қазақстанда жаңа оқу бағдарламасы пайда болды, ал тәжік мектептеріндегі оқулықтар ескірді. Біз Қазақстан білім министрлігіне ұсыныс жолдадық, мәселе тез шешіледі деп үміттенеміз".

Ақбаржон Исмаилов Қазақстанға жұмыс істеуге келетін тәжік мигранттары туралы да айтты. "Мигрант отандастарға орталық құрылғанға дейін де көмектесіп тұрдық. Мәселен, ауырып қалғандарға немесе Тәжікстанға қайтуға мәжбүр болғандарға жәрдем бердік. Мигрант қайтыс болса, кәсіпкерлердің оның сүйегін елге жеткізуге қаржылай көмек жинайды. Мигранттарға заң жағынан да кеңес береміз. Айта кетерлік жайт, Қазақстанда тәжіктерге Ресейге қарағанда жақсы қарайды, мұнда ешкімді кемсітпейді", - дейді Қазақстандағы тәжіктердің этномәдени орталығының төрағасы.

XS
SM
MD
LG