Ссылки доступа

Құқық қорғаушулар Қаңтар оқиғасы құрбандары мен зардап шеккендерді құжаттандыру бойынша аралық есебін жариялады 


Қазақстандық құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасындағы құрбандар мен зардап шеккендер туралы аралық статистикалық есебін жариялады. Мұны әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина жазды:  

2022 жылғы сәуірден бастап қараша аралығында Қазақстанның құқық қорғау альянсы шеңберінде #QANTAR2022 оқиғалары бойынша "зардап шеккендер" критерийі бойынша барлығы 528 адам құжатталған, бұл негізінен қаза тапқан, жараланған және ұсталған адамдар бойынша деректер мен құжаттарды жинауды көзделген.

Оқиғалар орын алған қалалар: Алматы, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және т. б.

Ақпараттардың 65% -н туыстары берді, өйткені негізінен құрбанда(жәбірленушілер) өлтірілгендер. Бастапқы деректерді жинау негізінен кісі өлтіру жағдайларына бағытталды. Сұхбаттың 20,3% -н адамдардың өздері, жәбірленушілер берді. 9,7 % - БАҚ-тан жиналған деректер және 4,5% - ын адвокаттар мен жәбірленушілердің өкілдері берді. 0,2 % - бұл әріптестер және басқа жағдайлар. Сауалнамаға қатысқандардың 56% - ын әйелдер, 44% - ын ер адамдар құрады.

Жинақталып тіркелген барлық кейстерден зардап шеккендердің 93,4% – ы қазақтар, 2,9% -ы орыстар, 1% - ы қырғыздар, сондай-ақ басқа этностардың өкілдері: татарлар, өзбектер, украиндар, корейлер, ұйғырлар және т. б.

Жәбірленушілердің 92,6% - ы еркек жынысына жатады. Зардап шеккендердің көп бөлігі –16 мен 35 жас аралығындағылар (58,6%), зардап шеккендердің бестен бір бөлігі (20,5%) –35 пен 45 жас аралығындағылар, 55 пен 65 жас аралығындағы адамдар аз және 65 жастан асқандар– 0,6%. 1,2% - 16 жасқа дейінгі балалар. Орташа алғанда, 33,7 жастағы адамдар құрбан болған.

Жәбірленушілердің көпшілігі ең қатыгез қырғындар орын алған аймақтарға келеді. Мәселен, Алматыдан - адамдардың төрттен бір бөлігі, бұл 24,8%; 15,3% - Алматы облысынан, негізінен Талдықорғаннан, 15,7% - ШҚО-нан, негізінен Өскеменнен. Сондай- ақ, Шымкент, Тараз және Қызылорда облыстарындағы сандар жоғары.

Жәбірленушілердің 98,3% - Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ, тұруға ықтиярхаты бар 3 адам және 4 шетелдік азамат зардап шеккен.

Негізінен, оқиғаларда өздері немесе туыстары «қызметкерлер» - 33,5% және «өзін - өзі жұмыспен қамтушылар» - 30,1% санатына жатқызған адамдар зардап шекті. Азаматтық белсенділер 13,8%, құқық қорғаушылар – 0,2%, қоғамдық- саяси қайраткерлер – 0,2% болды.3,4% - қауіпсіздік күштері, 4,5% - кәсіпкерлер және 9,1% - студенттер. Басқалардың қатарында саналғандар: жұмыссыз, жеке кәсіпкер, колледж оқытушысы, дәрігер, мұғалім. Зардап шеккендердің үштен бірі митингілерге, шерулерге, жиындарға ниетті ерікті қатысушылар болды (32,8%).14,4% оқиға орнында болмаса да зардап шекті, 14,8% қатысуды жоспарламады, бірақ қалды. 14,8% (!)- кездейсоқ құрбандар (және тағы 2,1% - шеру жолында болып қалғандар, тағы 2,1% -ң оқиға орнында қалай болғандары белгісіздер, онда оларды ұрып-соғу, оқ ату, ұстау және т.б. орын алды). 3,0% - митингке жалдамалы қатысушылар (әскерилер, ҰҚК және полиция).

8,5% бақылау үшін барғандар. 2,1% -ы, оларды қатысуға мәжбүрлегенін хабарлады, 5,7% - ы «басқасын» атады - олардың бір бөлігі журналистер, блогерлер, әскерилер, туыстары мен достарын іздегендер, күзетші болғандар, зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандар (олар тонауға қатысуға мәжбүрленгендер), сонымен қатар не болғанын білмейтін респонденттер.

Құжаттамаға кірген әрбір жәбірленушімен қанды қаңтарда қандай жағдай болды?

Барлық кейстер бойынша 528 адам ішінен 163 адам қайтыс болды, бұл 30,9% (өмір сүру құқығы бұзылған). Оның 78,5% - ы атыс қаруынан, 3,7% - ы суық қарудан жараланғандар,

6,1% - ы ұрып-соғуға, жарық-шу гранатасы мен кинетикалық арнайы құралдардың әсеріне, электрошокерлердің әсеріне және т.б. ұшырағандар. Олардың 2,5% - ы ұсталғанын ескеріңіз, демек олар оқиғалардан кейін және билікпен өзара әрекеттескеннен кейін қайтыс болды. Хабар-ошарсыз кеткендердің бәрі кейін қайтыс болды. 15 мәйіт қайта қазылды (9,2%).

Қалған 365 жәбірленушінің 84,1% - ы құқық қорғаушылар базасы бойынша өтеді (!) әкімшілік және/немесе қылмыстық қудаланды, бұл 306 адам. Сауалнама кезінде тірі болғандардың арасында: 13,7% - ы оқпен жараланды, 55,6% - ы (әрбір екінші) ұрып- соғылды, 33,7% - ы (әрбір үшінші) сойылмен ұрылды, 5,5% - ы мылтық соққанын, 45,8% -ы (әрбір екінші) азапталғанын, 52,6% - ы билік тарапынан психологиялық қысымға ұшырағанын айтты.

Бұл есеп сауалнамалар, сұхбаттар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және т.б. нәтижелері бойынша 528 адамның кейстері негізінде жасалғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG