Ссылки доступа

Душанбеде қырғыз-тәжік шекарасы жөніндегі кездесуде арнайы қызмет басшылары хаттама қабылдады


Душанбе қаласында Қырғызстан мен Тәжікстан арнайы қызметтерінің басшылары Қамчыбек Тәшиев пен Саймүмін Ятимовтің төрағалық етуімен қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкімет делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, жиналыс қорытындысы бойынша хаттама қабылданды. Тараптар келесі отырысты Қырғыз Республикасы аумағында өткізуге келісті.

Көрші елдердің арнайы қызмет басшылары қол қойған құжат жарияланбады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекарада даулы жерлер көп. Бұл мәселе Душанбе мен Бішкек арасына сызат түсіріп отыр.

Кейінгі екі жылда Қырғызстан мен Тәжікстанның жүздеген азаматы шекарадағы қарулы қақтығыстар құрбаны болды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы қанды жанжал биыл қыркүйек айында тіркелді.

XS
SM
MD
LG