Ссылки доступа

Өзбекстандық имам жаңа мешітке жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталды


Хорезм облысы Қышкөпір ауданындағы "Ислом бобо" мешітінің имамы мешіт құрылысына әлеуметтік желілердің көмегімен жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталды. Бұл туралы Хорезм прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, имам әлеуметтік желілерде жаңа мешітке хашар әдісімен ақша жинау басталғанын жариялаған. Ол 40 млн сумнан ($3,5 мың) астам қаражат жинап үлгерген.

Аудандық милиция "қызмет бабын пайдалану арқылы алаяқтық жасау" бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүріп жатыр. Істі Хороезм облысының прокуратурасы бақылауға алған.

XS
SM
MD
LG