Ссылки доступа

БҰҰ: Әлем халқы 8 миллиардқа жетті


БҰҰ мәліметінше, 15 қарашада Жер тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жетті. Бұл мәлімет World Population Prospects 2022 есебінде жазылды.

"2022 жылғы 15 қарашада Жер тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жетеді деп болжанды. Адамзат дамуының маңызды кезеңі. Халық санының көбеюі денсаулық, тамақ, тазалық пен медицина жақсаруының арқасында адам өмірінің ұзаруына байланысты болып отыр", — деп жазылған есепте.

БҰҰ баяндамасында әлем халқы 7 миллиардтан 8 миллиардқа жету үшін 12 жыл қажет болғаны айтылған. Жер тұрғындары 9 миллиард адамға жету үшін тағы 15 жыл қажет, яғни халық санының өсімі жылдан жылға баяулап келеді.

Есепке сәйкес, халық саны 2030 жылы 8,5 млрд, 2050 жылы 9,7 млрд, ал 2080 жылы 10,4 млрд адамға жетеді.

XS
SM
MD
LG