Ссылки доступа

Қырғызстанда қамауға алынған құқық қорғаушы Азиза Абдирасулова босатылды 


Милиция қызметкерлері Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсылық акциясына шыққан құқық қорғаушы Азиза Абдирасулованы босатты. 

Бұл жөнінде құқық қорғаушының өзі Азаттыққа хабарлады. Оның сөзінше, ұстау кезінде оның қан қысымы көтеріліп, милиция қызметкерлері жедел жәрдем шақыруға тура келген.

Құқық қорғаушы митингке қатыспағанын, бақылаушы ретінде барғанын айтады.

15 қарашада Бішкекте Жогорку Кеңеш ғимараты алдында Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсылық акциясы өткен. Оған 30-ға жуық адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG