Ссылки доступа

Ташкент Путин жарлығынан соң мигранттарға соғысқа баруға болмайтынын тағы ескертті


Өзбекстан еңбек қатынастары және жұмыспен қамту министрлігінің Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі еңбек мигранттарына тағы бір мәлімдеме таратты.

Агенттік Ресейде уақытша жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарынан "Ресей мен Украина арасындағы жанжал аумағына шақыратын үндеулерге құлақ аспауын, жанжал аумағына бармауын, әскери қимылдарға қатыспауын" сұрады.

Мекеме шетелде әскери қызметке, полицияның қауіпсіздік органдарына, әскери юстиция органдарына немесе осыған ұқсас органдарға жалданған өзбекстандықтар заң алдында жауап беріп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертті.

Көші-қон қызметі Ресейдегі өзбекстандықтарға соғысқа баруға болмайтынын бірнеше мәрте ескерткен. Соңғы мәлімдемесінің қарсаңында, 14 қарашада Ресей президенті Владимир Путин шетел азаматтарына Ресей Қарулы күштерінің құрамында қызмет етуге жағдай жасайтын жарлыққа қол қойды.

XS
SM
MD
LG