Ссылки доступа

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда жараланған тәжік сарбазы қайтыс болды


Тәжікстан шекара әскерінің 22 жастағы сарбазы Окилжон Одиназода қайтыс болды. Ол Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы жанжалда ауыр жараланған.

Сарбаз 15 қарашада Тәжікабад ауданындағы туған ауылы Сафедмун қышлағында жерленді.

Окилжон Одиназода Тәжікстан Қарулы күштері қатарына 2021 жылғы көктемде қабылданып, Исфарадағы шекара әскеріндегі бөлімдердің бірінде қызмет еткен.

Ол 14-17 қыркүйекте Қырғызстанмен шекарада болған қарулы жанжал кезінде ауыр жараланып, екі ай ауруханада жатты.

Биыл қыркүйектің ортасында тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда екі жақтан да ондаған адам мерт болды. Душанбе мен Бішкек жанжал шығарды, қарулы агрессия көрсетті деп бірін-бірі айыптады.

XS
SM
MD
LG