Ссылки доступа

Пара алды деген күдікпен Хожент қалалық сотының экс-төрағасы 2 жылға сотталды 


Тәжікстанның Жоғарғы соты Хожент қалалық сотының бұрынғы төрағасы Хомиджон Мухаммадзоданы пара алды деген айыппен 2 жылға бас бостандығынан айырды.  

Озоди радиосының дереккөзі оның сәуір айында ұсталғанын хабарлаған. Тәжікстн президенті Эмомали Рахмон 30 мамырда Мухаммадзоданы Хожент қалалық сотының төрағасы қызметінен босату жөнінде жарлық шығарған.

Жоғарғы сот төрағасы Шермухаммад Шохиён 14 шілдеде Хомиджон Мухаммадзода мен судья Рустам Махмадсаидзода 2,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Ақшаны өзара бөліскен дейді Жоғарғы сот төрағасы.

Алайда бірнеше күн өткеннен кейін Қаржыны бақылау агенттігі Хомиджон Мухаммадзода мен судтя Рустам Махмадсаидзода 4 мың доллар пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Хомиджон Мухаммадзода 2021 жылдың қараша айында Хожент қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG