Ссылки доступа

Тәжікстан: Ауғанстанда этникалық тәжіктердің құқығы бұзылып жатыр 


Тәжікстнның сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда этникалық тәжіктердің құқығы бұзылып жатыр деп алаңдайды. 

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстанның СІМ өкілі Вафо Ниятбекзода Мәскеудегі кездесу кезінде айтқан.

"Панджшер провинциясында тұратын этникалық тәжіктердің құқықтары бұзылып жатыр, бұл Кабул және Ауғанстанның солтүстік аймақтарында да байқалады. Онда Ұлттық қарсылық майданы өкілдерімен қарым-қатынаста деген себеппен күнде этникалық тәжіктерді өлтіріп жатады", - деген.

Ол сонымен бірге Ауғанстанда сол күйі инклюзивті үкімет құрылмады дейді.

"Біз Ауғанстанда этникалық топтардың, әйелдердің құқықтарының бұзылып жатқанына қарсымыз", - деген Ниятбекзода.

16 қарашада Ресей астанасында Ауғанстан бойынша "Мәскеу форматы" өткен. Бұл жолы "Талибан" өкілдері қатыспаған.

Ресми мәлімет бойынша "Мәскеу форматына" Ресей, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Түркіменстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері қатысқан.

Бұл кездесуге қонақ ретінде Қатар, Бірлескен Араб әмірлігі, Сауд Арабиясы және Түркия қатысқан.

"Мәскеу форматының" үшінші кездесуі былтыр 20 қазанда өткен. Онда "Талибан" өкілдері келген.

XS
SM
MD
LG