Ссылки доступа

Өзбекстанда электр қуатымен толық қамтамасыз етілген алғашқы үй тұрғызылды


Ташкент облысының Нұрафшан қаласында өзін электр қуатымен толық қамтамасыз ете алатын үй құрылысы аяқталды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 17 қарашада БҰҰ даму бағдарламасының жобасы аясында тұрғызылған үйді ашу салтанаты өтті.

Тұрғын үйге қуаты 15 кВт болатын күн батареялары орнатылған. Бұған қоса үйге 200 литр суды ысытатын күн қазандығы қойылған.

Ерекше тұрғын үй артылған электр қуатын аймақтағы электр желілері компанияларына сату арқылы қосымша пайда таба алады.

Өзбекстанда күз-қыс маусымында халықты жарықпен қамтамасыз ету жұмысында қиыншылық жиі туындап тұрады. Бұған дейін хабарланғандай, электр қуатын үнемдеу мақсатында Ташкентте түнде көшеге жарық беруді шектеді.

XS
SM
MD
LG